Қазақстан Республикасының күні — бірлік пен отансүйгіштік мерекесі!

23.10.2026

🇰🇿✨ Қазақстан Республикасының күні — бірлік пен отансүйгіштік мерекесі!

🎉 Мектебімізде Республика күніне орай 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Жас ұландар өз елінің лайықты азаматы болуға, оның тарихын, дәстүрлері мен мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге уәде берді.

🤝 Сондай-ақ мектеп Парламентінің Президенті, 8 «Б» сынып оқушысы Бектемирова Меллисаның қызметіне салтанатты кірісу рәсімі өтті. Бұл — оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

💙💛 Отанға деген сүйіспеншілік, білімге құштарлық пен игі істерге ұмтылыс оқушыларымызды әрдайым біріктіре берсін!

🇰🇿 Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ✨

Просмотров: 41


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу