Мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті
21.10.2026
📢 Мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті
Бүгін мектебімізде «Бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс басында мектеп директорының міндетін атқарушы Кап Ақмарал ата-аналарға сәлемдесіп, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасы мен мектеп ынтымақтастығының маңызын атап өтті.
Одан кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хажат Алма І тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі және BilimClass ақпараттық жүйесін пайдалануды бақылау мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Әлеуметтік педагог Айткен Г. республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік осал отбасыларды анықтау және ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темирханова М.Н. ата-аналарды «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, құндылықтар жүйесін ұсынды және отбасылық тәрбиенің маңызын атап өтті.
Балалардың қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құқықтық тәрбие беру және түнгі уақытта балаларды ата-ана бақылауынсыз қалдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мектеп психологі Шульга Е.В. ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысымен таныстырып, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында сөз сөйледі. Ол балалармен сенімді қарым-қатынас орнатудың, эмоциялық қолдау көрсетудің және олардың сезімдері мен уайымдарына мұқият қараудың маңызын түсіндірді.
Жиналыстың соңғы мәселесі мектеп формасы мен білім алушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды сақтау болды. Осы тақырып бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бардаль О.И. сөз сөйлеп, оқушылардың киіміне, шаш үлгісіне және ұқыпты сыртқы келбетіне қатысты белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін ата-аналардың есіне салды.
🤝 Отбасы мен мектеп — біртұтас ұжым! Бірлескен күш-жігеріміз арқылы әр баланың білім алуына, тәрбиеленуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасай аламыз.