ыныстық қолсұғылмаушылықты қорғау және ерте жыныстық жетілу туралы профилактикалық әңгіме
19.10.2026
🩺 Жыныстық қолсұғылмаушылықты қорғау және ерте жыныстық жетілу туралы профилактикалық әңгіме
🏫 «Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектеп медбикесі Мустафина Ж.Ж. 8–11-сынып қыздарымен жыныстық қолсұғылмаушылық және ерте жыныстық жетілу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
🎯 Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, есею кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылықтың бұзылуының алдын алу.
📌 Әңгіме барысында оқушыларға жеке қауіпсіздік, жеке шекараларын қорғау, өзін және өзгелерді құрметтеу, сондай-ақ өздері сенетін ересектерден дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
💗 Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі — баршамызға ортақ басымдық!