Мектептің спорттық өміріне белсенді қатысқан оқушыларға салтанатты түрде мақтау қағаздары табысталды

13.10.2026

Мектеп жиынында мектептің спорттық өміріне белсенді қатысқан оқушыларға салтанатты түрде мақтау қағаздары табысталды. Оқушыларымыз жоғары дене дайындығын, командалық бірлікті және жеңіске деген жігерін танытып, жарыстарда мектебіміздің намысын абыроймен қорғап келеді.

Жиынның ерекше сәті жеңімпаз командаларды марапаттау болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Акимжанов Д.Ж. асық ату бойынша аудандық жарыстардың жеңімпаздарына салтанатты түрде мақтау қағаздарын табыстады.

Просмотров: 232


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу