ДҮБЛЁР КҮНІ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КҮНІ!
05.10.2026
🎓✨ ДҮБЛЁР КҮНІ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КҮНІ! ✨🎓
Бүгін мектебімізде «Дублёр күні» өтті. Бұл — оқушылардың өздерін ұстаздар мен ұйымдастырушылар рөлінде сынап көруге мүмкіндік алған ерекше күн. 👩🏫👨🏫🌟
Дәстүр бойынша дүйсенбі күні таңертең салтанатты саптық жиын өткізілді 🇰🇿. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. 🎶🇰🇿
«Дублёр күні» аясында оқушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін, жауапкершілігін, белсенділігі мен шығармашылық бастамаларын көрсетті. 💪📚✨ Олар жаңа рөлде өздерін сынап көріп, ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін өз тәжірибелері арқылы сезінді.
💐 Бұл күн оқушыларға жаңа білім, өз күшіне деген сенім және жарқын әсер сыйласын!
🌟 Дублёр күні — көшбасшылыққа, жауапкершілікке және дербестікке бастар қадам!